АҚШ пен Армения «Трамп маршруты» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірлескен Жұмыс тобының жұмысына кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жұмыс тобын АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі Соната Коултер басқарады.
АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Элисон Хукер Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуде Жұмыс тобының жұмыс тәртібі мен бағыттары туралы мәлімет берді.
Оның айтуынша, АҚШ пен Армения арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ армян-азербайжан және армян-туркия қатынастарын қалыпқа келтіру жұмыстары «Оңтүстік Кавказды маңызды сауда маршруты ретінде ашуға жаңа мүмкіндіктер туғызады».