Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан туу туралы актілерді тіркеу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына кірді

/
Қазақстан туу туралы актілерді тіркеу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына кірді
UNICEF

Қазақстанда балалар халықтың 34 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіштің тұрақты өсімі мемлекет саясатының балаларды қорғау мен қолдауға бағытталғанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық ұйымдар Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы нәтижелерін жоғары бағалап отыр. Осы орайда еліміз туу туралы актілерді тіркеу деңгейі ең жоғары мемлекеттердің бірі болды - көрсеткіш 100%-ға жуық.

2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асуда. Қор табысының 50%-ы кәмелетке толмағандардың жеке шоттарына аударылады. 2025 жылы әр балаға шамамен 130 АҚШ доллары бөлінді. Екі жыл ішінде бір балаға жиналған орташа сома 233 долларды құрады.

Бастауыш сынып оқушылары толықтай тегін ыстық тамақпен қамтылған - 1,7 млн бала. Балабақшаларда 953 мың тәрбиеленуші де тегін тамақ алады. Бұл мақсатқа 207,4 млрд теңге бөлінген. ЮНИСЕФ-тің 2024 жылғы зерттеуі Қазақстандағы балалардың тамақтану деңгейі Еуропа және Орталық Азия елдерімен тең екенін көрсетті.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық қатаң шаралар қабылданды. Кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыстар бойынша татуласуға тыйым салынды. Мұндай қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Балаларды қорғау жүйесі де күшейтілді: әр 5 мың балаға бір маманнан бекіту нормасы қабылданды. Соның арқасында қамқоршылық органдарының қызметкерлер саны 303-тен 1028-ге дейін артты.

2026 жылдан бастап «Қазақстан балалары» атты бірыңғай ұлттық бағдарлама іске қосылады. Бағдарлама баланың өмір жолының барлық кезеңін қамтып, қолдау шараларын біріктіреді.