Logo
Іздеу
Айдарлар

Дін еркіндігі және зайырлылық: Қазақстанда діни радикализмнің алдын алу шаралары

/
Дін еркіндігі және зайырлылық: Қазақстанда діни радикализмнің алдын алу шаралары

Кеңес үкіметінің тас құрсауындағы идеологиясы қазақ сияқты ертеден құдайын таныған елге жетпіс жыл дінсіздікті дәріптеп, наным-сенім бостандығына шек келтіріп, тыйым салып келді. Ендігі тәуелсіздік алғандағы елдігіміздің басты қағидасы ‒ демократиялық құндылықтарға негізделген зайырлы ел болу болды. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бөлімі, 1 бабы, 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Яғни біздің еліміз алдымен зайырлы мемтекет ретінде өзін таниды және сол бағытты ұстанады.

Бүгінде Қазақстан діни зайырлылықты, әр азаматтың наным-сенім бостандығын сақтай отырып, қауіпсіздіке баса назар аударады. Дегенмен де елде радикал діни ағымдар, түрлі секталар мен пайдасынан қауіп-қатері көп наным-сенімдердің көбейіп кетпеуін қадағалайтын органдар бар. Арнайы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң өз жұмысын атқарып келеді. Осы заң аясында діни ұйымдардың тәртіп шеңберінен шықпауын, дұрыс жұмыс істеуін, қауіп қатерлердің алдын алуын қамтамасыз ету үшін арнайы тіркеуден өтіп отырады.

Осы ретте елімізде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түрлі шаралар атқарылып жатыр. Жастар арасында діни радикализмнен сақтандыру үшін мектеп оқушылары мен студенттер арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.  Жат ағымның жетегіне кетпеумақсатында жастардың сауаттылығын арттыру үшін түрлі лекциялар өткізіліп, үнпарақтар мен кітапшалар беріледі. Кей оқу орындарында теолог, психолог, дінтанушы мамандармен семинарлар өткізіліп, талқылаулар болып тұрады. Елімізде дін лидерлері мен түрлі конфессия өкілдерінің басын қосатынӘлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресі (Congress of Leaders of World and Traditional Religions) секілді халықаралық және мемлекеттік платформалар бар.Оның мақсаты діндер арасындағы диалогты нығайтып, радикализм қауіп-қатеріне қарсы жағымды орта қалыптастыру.

Бүгінгі интернеттің кең құлаш жайған заманында теріс діни ағымдардың таралуына тосқауыл болу үшін ғаламторды бақылау маңызды болып отыр. Осы ретте елімізде Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы органдардың жұмысын айту маңызды. Олар интернет кеңістігін бақылап, теріс бағыттағы діни ақпараттарға тосқауыл қояды және шаралар қолданады. Елімізде «Кибернадзор», CARE-матрица секілді жүйелер енгізіліп, жұмыс істеп отыр.