Logo
Іздеу
Айдарлар

20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қатысты тың ақпарат шықты

/
20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қатысты тың ақпарат шықты
Tengrinews.kz

Алматыда "Дикий Арман" лақапатымен танылған Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша апелляциялық тыңдау аяқталды. Сот алқасы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 27 қаңтарында "Қаңтар ісі" бойынша айыпталған 44 адамның үкімі шыққан болатын. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің 5-басқармасының экс-басшысы Руслан Искаков бар. Арман Жұмагелдиев – қылмыстық топ құрды, жаппай тәртіпсіздікке қатысты және 24 адамды ұрлады деген айыптар бойынша 20 жылға сотталған.