Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда бір мектептің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда бір мектептің 47 оқушысы ауруханаға түсті
Фото: freepik

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, балалар 12–13 қазан күндері Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Интернаттағы тағы сегіз бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Осы жағдайға байланысты мектеп, интернат және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар зертханалық тексеру үшін сынамалар алды. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.