Logo
Іздеу
Айдарлар

Педагог мәртебесі артып келеді

/
Педагог мәртебесі артып келеді
None

Қазақстан Республикасында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданғанына алты жыл толып қалды. Осы уақыт ішінде қандай жұмыстар атқарылды? Ұстаздардың қоғамда беделі артып, педагогтардың мүдделері қорғалып, құқықтары жіті қадағалана бастады ма?

Естеріңізге салар болсақ, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдауға қоғамдағы шағым мен талаптар себеп болған еді. Бұрындары ұстаздардың жалақысы мардымсыз, жұмысы мен міндеттері көп, ата-аналар, оқушылар мен қоғам тарапынан лайықты құрмет көрсетілмейтіні жиі айтылатын.

Қазірде ұстаздардың жалақысы 2020 жылдан бастап екі есеге артып, педагогтардың санаттарына қарай 30-50 пайыз үстемақы төленетін болды. Ал ауыл мұғалімдерінің жалақысы одан да көп болып есептеледі. Себебі ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлу Президенттің тапсырмасы. Сондықтан қазіргі уақытта мұғалімдер 350 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін жалақы мөлшерін алады.

Бұдан бөлек педагог мамандығының иелері мемлекеттік тұрғынүй бағдарламаларына қатыса алады, жеке тұрғынүй салу үшін жер учаскелерін бөлуде басымдыққа ие. Тіпті коммуналды төлемде жеңілдіктер қарастырылған. Ал ауылды жерге қызмет істеуге баратын педагогтар «Дипломмен ауылға» сияқты бағдарламалар арқылы мемлекеттен қолдау таба алады.

Сондай-ақ заңда ұстаздардың тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстардыоларға істету, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы олардың жүктемесін азайту көзделіп, нақты санкциялар қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындада қолдаулар қарастырылған.