Logo
Іздеу
Айдарлар

«1 млн 400 мың теңге»: Павлодар облысы әкімінің сырт киімі көзге түсті

/
«1 млн 400 мың теңге»: Павлодар облысы әкімінің сырт киімі көзге түсті
Фото: коллаж arasha.kz

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов желіде қымбат сыртқы күртесімен көзге түсті. Ондағы ақпаратта әкімнің пальтосы мен күртесінің бағасы 1 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты stan.kz басылымна сілтеме жасап. 

Желі жазбасында әкімнің сырт киімдерінің бағалары көрсетілген. 

“Бұл – Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов. Оның Moorer пальтосы – 2 115 еуро, яғни 1 273 000 теңге, Enrico Mandelli күртешесі – 1 479 000 теңге тұрады. Павлодарлықтар, сіздер әдеттегідей Көкшетау тұрғындары сияқты өз әкімдеріңізді қорғап шығасыздар ма? "Ол да жеке секторда жұмыс істеді", "жалақысы жақсы" деген сияқты сөздерді айтатын шығарсыздар. Бірақ бәріміз білеміз, Қазақстандағы әкімдердердің бәрі долларлы миллионерлер”, – деп жазды желі қолданушысы.

Суретте Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов. Фото: stan.kz порталының инстаграм парақшасынан алынған скрин.

Алайда облыс тұрғындары әкімнің бастысы жұмысты жақсы атқаратынын айтып қорғады.

“Бізге оның не киетіні маңызды емес, бастысы – ол мәселені шешеді және облыс үшін бәрін істейді”, “Ол әкімдікке бизнес саласынан келген. Фермерлер жақсы табыс табады. Сондықтан ол неге қымбат киім кимеске?”, “Мемлекеттік қызметкер болса енді киіне алмай ма? Мүмкін бөліп төлеу арқылы алған шығар. Бастысы, адам облысы үшін бәрін істейді”, – деп жазды тұрғындар.

Суретте Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов. Фото: stan.kz порталының инстаграм парақшасынан алынған скрин.