Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Павлодар облысы

Павлодарда балабақша тәрбиешісі сотталды

Павлодарда балабақша тәрбиешісі сотталды
Сурет: Рixabay

Сот мәліметтері бойынша, әйел 2-2,5 жас аралығындағы тәрбиеленушілерге жүйелі түрде күш көрсетіп келген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу барысында оның балаларды ұрып-соғып, шаштарынан жұлқылағаны және оларды дөрекі түрде лақтырып, физикалық әрі психологиялық зақым келтіргені анықталды. Бұл іс бойынша барлығы 16 бала жәбірленуші деп танылды.

Сот әйелге 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, бірақ жазаның орындалуы белгілі бір мерзімге шегерілді. Сондай-ақ, оған үш жыл бойы педагогика саласында жұмыс істеуге тыйым салынды.