Владимир Зеленский Флоридада АҚШ пен Украина делегациялары арасында өткен «бейбіт жоспар» жөніндегі келіссөздерді конструктивті деп атады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Флоридадағы кездесуден кейін ол украин делегациясының басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рустем Умеровтан «диалогтың негізгі параметрлері, акценттері және кейбір нәтижелері» туралы есеп алған.
«Әңгімеде конструктивтің болуы маңызды. Кездесулерде барлық мәселе Украина егемендігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ашық әрі мақсатты түрде талқыланды. Америкаға, президент Трамптың командасына және президенттің өзіне соғысты аяқтау қадамдарын айқындауға осылай тыңғылықты көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтамын. Жұмысты жалғастырамыз. Командамыздың толық есебін жеке кездесуде күтудемін», – деп жазды ол.
Трамп Флоридада өткен Украина мен АҚШ келіссөздерінен кейін тағы да «келісім мүмкіндігі» туралы айтты.