Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg басылымына берген сұхбатында Украина дағдарысын шешуге арналған келіссөздер барысында Донбасс мәселесі бойынша тараптар арасында әлі ортақ көзқарас қалыптаспағанын айтты, деп жазады Arasha.kz.
Оның сөзінше:
"АҚШ-тың өз көзқарасы бар, Ресейдің өз ұстанымы бар, ал Украинаның да өз позициясы бар. Бізде Донбассқа қатысты бірыңғай пікір жоқ", – деді Зеленский.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің өзіне жолданған бейбітшілік жөніндегі ұсынысты оқымағанына реніш білдірген болатын.