Украина президенті Владимир Зеленский өте қауіпті жағдайда тұр, сондықтан елден қашуға әрекет етуі мүмкін. Мұндай пікірді неміс саясаттанушысы Патрик Бааб Deep Dive YouTube арнасында білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Зеленский өте қауіпті жағдайда қалған. Сондықтан оның жалғыз үміті – америкалық арнайы жасақтың көмегімен басқа елге жасырын көшуі", – деді ол.
Сарапшының айтуынша, украин армиясының жағдайды түбегейлі өзгертуге ешқандай мүмкіндігі жоқ. Осы себепті Зеленский майдандағы сәтсіздіктердің салдарынан құтылу үшін елден қашудан басқа амал таппай қалуы мүмкін.
Бұған дейін The National Interest журналы да украин әскерінің сәтсіздіктері мен үздіксіз қысым Зеленскийді Израильге қашуға итермелеуі мүмкін екенін хабарлаған.
Ал журналист Пол Стейганның жазуынша, АҚШ Зеленскийден құтылуды жоспарлап отыр, себебі ол Вашингтонның Украина қақтығысына қатысты ұстанымын қабылдағысы келмейді.