Logo
Іздеу
Айдарлар

Пойызда уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайы туралы тың ақпарат шықты

/
Пойызда уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайы туралы тың ақпарат шықты
Rattankun Thongbun / Getty Images

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Алматыда пойызда уланып, медициналық көмекке жүгінген жолаушылардың жағдайы туралы ақпарат жаңартты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін 11 адам ауруханаға жеткізілген, олардың ішінде екі бала жансақтау бөліміне түскен.

"Қазір барлық науқастың жағдайы қалыпты. Жансақтауда ешкім қалған жоқ, бәрі жалпы палатаға ауыстырылды", – деді вице-министр Сенатта журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні Алматы-2 вокзалында табиғи газдан улану салдарынан 52 жолаушы зардап шеккен. Оларды 13 жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді. Кеше екі баланың жансақтауда жатқаны хабарланған болатын.

Бұл оқиғаға қатысты "Қазақстан темір жолы" да мәлімдеме жасап, ондаған адамның көміртек тотығынан уланғанын растады, бірақ компания өздерінің бұл жағдайға қатысы жоқ екенін атап өтті. Айтуларынша, уланған вагондар киностудияға түсірілім жұмыстары үшін берілген. Әзірге қай студия екені анықталған жоқ.