«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы күйде сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, ал елдің батысында жаңбыр жауады.
▪️ Астана — құбылмалы бұлтты, қар, бұрқасын, көктайғақ. Түнде −13–15 °C, күндіз −5–7 °C.
▪️ Алматы — құбылмалы бұлтты, аздаған қар, көктайғақ, тұман. Түнде −5–7 °C, күндіз −1...+1 °C.
▪️ Шымкент — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Түнде −5–7 °C, күндіз −1...+1 °C.