Logo
Іздеу
Айдарлар

Билл Клинтон Майкл Джексонды құшақтап тұр: ФБР Эпштейн ісі бойынша жаңа фотоларды жариялады

/
Билл Клинтон Майкл Джексонды құшақтап тұр: ФБР Эпштейн ісі бойынша жаңа фотоларды жариялады
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (ФБР) кәмелетке толмағандарды азғыру айыбымен танылған Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты құжаттарды жариялай бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Материалдар ведомствоның ресми сайтында орналастырылған.

Құжаттар аясында Билл Клинтон мен Майкл Джексонның фотосуреті жария етілді. Суретте Клинтон Джексонды иығынан құшақтап тұрғаны байқалады. Олардың қасында қара нәсілді әйел мен үш кәмелетке толмаған бала бар.

Жарияланған фотолардың арасында Билл Клинтонның адам саудасы үшін сотталған Гислейн Максвеллмен бірге бассейнде түскен суреті де бар.

Сондай-ақ Клинтонмен бірге түскен фотоларда музыкант Мик Джаггер мен актриса Дайана Росс та көрінеді. Бұдан бөлек, Эпштейннің бейнебақылау бөлмесінде Левинскидің көйлегін киген Клинтонның портретін сақтағаны хабарланды.

CBS мәліметінше, бұл — жарияланған деректердің тек бір бөлігі ғана. Әділет министрлігінің Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттарды толық жариялауы «бір-екі аптаға» созылуы мүмкін.

Эпштейннің аралас-құралас ортасында әртүрлі елдердің қазіргі және бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалары, ірі кәсіпкерлер мен танымал жұлдыздар болған. Ол 2019 жылдың тамызында түрме камерасында қаза тапқаннан кейін, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің фотосуреті де Эпштейн ісінің материалдарынан қайта табылғаны белгілі болды.