Logo
Іздеу
Айдарлар

Сауд Арабиясына қар жауды

/
Сауд Арабиясына қар жауды
Сурет: ашық дереккөзден

Елдің бірнеше өңірінде — солтүстік-батысында және орталық бөлігінде, соның ішінде таулы аймақтарда және тіпті шөлде қар жауды. Арабия түбегі үшін мұндай құбылыс өте сирек кездеседі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жолдарды көктайғақ басқан.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде жаппай видео жариялап жатыр: біреулер «қысқы ертегіге» қуанып жатса, енді біреулер суық пен тайғақ жолдарға шағымдануда.

Эр-Риядта қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Синоптиктердің болжамынша, Сауд Арабиясында жаңбыр аралас қар тағы бірнеше күн жаууы мүмкін, негізінен елдің солтүстік өңірлерінде.

Қазақстандықтар үшін қыста қардың жаууы аномалия емес, қалыпты жағдай. Әлеуметтік желі қолданушылары қар басқан көшелер мен аулалардың фото және видеоларын қуана бөлісіп жатыр. Синоптиктердің уәде етуінше, алдағы күндері Алматы тұрғындарын ауа райының нашарлауы күтіп тұр. Метеорологтар қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр.