Logo
Іздеу
Айдарлар

24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Батыстан шығысқа қарай жылдам жылжып келе жатқан циклон Қазақстан өңірлеріне қар, бұрқасын, желдің күшеюін және көктайғақты алып келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін елдің солтүстігі мен орталығында, соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Ұлытау өңірінде ауа температурасы –20–30 °C-қа дейін күрт төмендейді.

▪️ Астанада күндіз –1…+1 °C, түнде –3–5 °C, қар, бұрқасын, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.

▪️ Алматыда күндіз +1…+3 °C, түнде –3–5 °C, тұман. Желдің жылдамдығы — 2–7 м/с.

▪️ Шымкентте күндіз +4…+6 °C, кей уақытта тұман. Түнде –2–4 °C. Желдің жылдамдығы — 5–10 м/с.