Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жігіттер, біреулерің қайтыс боп кетсеңдер, иманды болыңдар" – Асанәлі Әшімов (ВИДЕО)

/
"Жігіттер, біреулерің қайтыс боп кетсеңдер, иманды болыңдар" – Асанәлі Әшімов (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Танымал жазушы Дулат Исабековтің сирек сұхбаттарының бірі әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Abai TV арнасына берген сұхбатында қаламгер қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов жайлы жүрекке жылу беретін естелігін бөліскен.

"Біз 10 шақты жігіт бір жерде бас қосып қалдық. 80-нен асқан жігіттерміз ғой. Асанәлінің өзі 80-нен асқан. Сондағы айтқан сөзі ғой: "Әй, жігіттер, баяғы заман жоқ. Айында, жылында кездесеміз бе, Құдай білсін?! Сол екі арада талай замандасымыз кетіп қалып жатыр. Бара алмаймыз. Сондықтан осы жерде біреулерің қайтыс боп кетсеңдер, иманды болыңдар", – деп тост көтереді ғой. Соны бата қыламыз бәріміз. Рас қой, бір жағынан", – деді Дулат Исабеков.

Дулат Исабеков – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері. Ол Түркістан облысы Арыс ауданындағы "Ленин жолы" ауылында дүниеге келген.

1966 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған қаламгер әр жылдары Қазақстан телерадиосында, Қазақ совет энциклопедиясында, "Жұлдыз" журналында, "Жалын" және "Жазушы" баспаларында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарды. 1997 жылдан бастап Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтын басқарды.

Дулат Исабеков прозада да, драматургияда да өнімді еңбек етіп, қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол 2025 жылғы 21 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өтті.