Logo
Іздеу
Айдарлар

"Сенбеңіздер, өтінемін": Ауыр дертке шалдыққан актердің қызы шұғыл хабар таратты (ФОТО)

/
"Сенбеңіздер, өтінемін": Ауыр дертке шалдыққан актердің қызы шұғыл хабар таратты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі актер Мұрат Бисембиннің қызы желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін актердің қызы әкесінің инсульт алып, ауруханаға түсіп қалғанын жазған еді.

"Достар, менің атым – Булатова Диана. Кейбіріңіз мені Дали деп танисыздар. Кейбір жаңалықтарда айтылып жүрген Сафияның кім екенін мүлде білмеймін. Менің бар болғаны екі туған ағам бар, олардың ешқайсысының аты Сафия емес. Мен – отбасындағы жалғыз қызбын. Қазіргі уақытта әкем әлі де дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр, жанында үнемі анам бар. Жылы лебіздеріңіз бен шынайы қолдауларыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Қолдауларыңызға рахмет, сіздер ең керемет жандарсыздар. Әкем туралы жарияланып жатқан әрбір ақпаратқа сене бермеңіздер. Өтінемін, сақ болыңыздар", – деп жазды актердің қызы.