Logo
Іздеу
Айдарлар

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар жаппай соттап жатыр

/
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар жаппай соттап жатыр
Сурет: ашық дереккөзден

Бір жыл ішінде Қазақстанда шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 709 қылмыстық іс қозғалған, тағы 28 іс «Жалдамалылық» бабы бойынша тіркелген. Бұл — Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш, деп жазады «Медиазона».

Соттар адамның ЧВК «Вагнер» құрамында болғанына немесе РФ Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқанына қарамастан бірдей қарайды. Барлығы Қазақстан заңнамасы бойынша өзге елдің соғысына қатысқаны үшін айыпталады.

Еске салайық, Қазақстанда Қылмыстық кодекс шетел мемлекеттегі қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді (ҚР ҚК 172-бабы), ал жалдамалылық үшін жаза одан да қатаң (ҚР ҚК 170-бабы).

Егер кісі өлтіру немесе аса қауіпті әрекеттер дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.

Бұрын қарулы құрылымдарда қызмет етуге байланысты істер сирек кездесетін. 2022 жылға дейін мұндай істер саны елуге де жетпеген. 2024 жылы құқық қорғау органдары қылмыстық істерді белсендірек қозғай бастады, ал 2025 жылы олардың саны бірнеше есе артты. Үкім мәтіндерін талдаған құқық қорғаушылар сотталушылардың басым бөлігі нақты мерзімге сотталатынын атап өтеді.

«Сот материалдары қазақстандықтардың әскери қызметке қалай тартылатынын көрсетеді. Мәселен, Қарағандыдан шыққан 26 жастағы Алексей Невойя Ресейде вахталық жұмыста жүріп, хабарландыру арқылы келісімшарт тауып, кейін майданға түскен. Тағы бір мысал — Павлодар облысынан 46 жастағы Тофик Гариев жұмыс табудағы қиындықтарға байланысты табыс табамын деген үмітпен келісімшартқа қол қойған. Кейбір жағдайларда адамдарды мәжбүрлеген немесе алдаған. 56 жастағы Константин Кожахметов сотта көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ұсталғаннан кейін қысыммен келісімшартқа келіскенін айтқан», — деп жазады «Медиазона».

Бірқатар істерде соттар идеологиялық себептерді де көрсетеді. Мысалы, 50 жастағы Александр Гончаров Украина билігі орыстарды кемсітеді деп есептеп, ЧВК қатарына қосылған. Ал Шымкенттен шыққан 37 жастағы Максим Малахов соғыс тәжірибесін іздегенін айтып, шекара қызметкеріне өз қызметі туралы ашық хабарлаған.

Азаматтық мәселелер де қылмыстық қудалауға себеп болып отыр. Мәселен, Ақмола облысының тумасы, 42 жастағы Пётр Мирошниченко Ресей президентінен азаматтық сұраған, алайда құжаттарға байланысты қиындықтар туындап, Қазақстанға оралған соң ҚР ҚК 172-бабы бойынша бес жылға сотталған.

Бұған дейін «Хочу жить» қоры Украинадағы соғыста Ресей бөлімшелері құрамында қаза тапқан 270-ке жуық қазақстандықтың тізімін жариялаған.

Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Ресей жағында соғысқа қатысқан қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтар туралы жарияланымдарға пікір білдірді. Осы күндері Смадияров Қазақстанның СІМ-нен кеткені белгілі болды.

Осы тақырыпқа қатысты барлық материалды жоғарыдағы жазбалар тізбегінен таба аласыз.