Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

«Бұл жерлер біздікі болған жоқ». Пашинян Қарабақ туралы мәлімдеме жасады

«Бұл жерлер біздікі болған жоқ». Пашинян Қарабақ туралы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөзден

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақ туралы мәлімдеме жасап, бұл аумақтардың Арменияға тиесілі болмағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz сайты
 Minval басылымына сілтеме жасап.

«Біз жерімізден айырылдық дейді. Бірақ ол жерлер біздікі қалай болды? Олар қалайша біздікі болды? Түсіндіріп беріңіздерші», - деді Пашинян.

Оның сөзінше, бұл аумақтар «бірнеше генералдың бақылауында» болған және олар жерді өз мүдделеріне пайдаланған.

«Қаза тапқандар туралы жаман айтқым келмейді, бірақ ол жерлер бірнеше генералдың бақылауында болды. Мысалы, олар ол жаққа бидай екті», - деді Армения премьері.

Сондай-ақ Пашинян аталған аумақтарда толыққанды даму болмағанын атап өтті.

«Біз ол жақта мектеп салдық па? Балабақша салдық па? Зауыт тұрғыздық па? Біз ол жерде тұрдық па? Қоныс құрдық па? Онда ол жерлердің біздікі болғаны неде?» — деді ол.

Сөз соңында Пашинян: «Олар біздікі болған жоқ. Олар біздікі болған жоқ», - деп мәлімдеді.

Бұған дейін Сюник облысындағы сайлаушылармен кездесу кезінде Пашинян 1988 жылы басталған Таулы Қарабақты Арменияға қосу қозғалысын «аса үлкен қателік» деп атаған болатын.