Logo
Іздеу
Айдарлар

Жолаушы көз жұмды: Қытайға ұшып бара жатқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды

/
Жолаушы көз жұмды: Қытайға ұшып бара жатқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Zuma / ТАСС

Мюнхен – Бейжің бағытымен ұшқан Lufthansa әуе компаниясының LH 0722 рейсінде жолаушы ұшу барысында кенеттен қайтыс болды. Осыған байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі мәлімдеді, деп жазады Arasha.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жолаушының жағдайы күрт нашарлап, есінен таныған соң экипаж дереу қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонған бойда бортқа әуежайдың медицина қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жеткізілген.

"Дәрігерлер келген кезде жолаушының әуе рейсі кезінде көз жұмғаны анықталды", – делінген ресми хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің ықтимал себебі – жедел жүрек жетіспеушілігі. Аталған дерек бойынша Қазақстанда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін ұшақ Алматыда жанармай құйып, жергілікті уақытпен сағат 07:56-да сапарын жалғастырды.