Logo
Іздеу
Айдарлар

Қар мен көктайғақ — 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/
Қар мен көктайғақ — 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, сенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысында қалың қар, кей жерлерде екпінді жел мен аяз күтіледі. Батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашын болуы мүмкін. Оңтүстікте күндіз температура плюс мәнді көрсетіп, қар жауады.

Жалпы республика бойынша синоптиктер тұман, жолдарда көктайғақ және желдің күшеюін болжайды. 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Астанада: бұлтты, жауын-шашынсыз, температура түнде –25–27 °C, күндіз –17–19 °C.

Алматыда: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, температура түнде –1–3 °C, күндіз +2–4 °C.

Шымкентте: бұлтты, қар жауады, температура түнде –2–4 °C, күндіз +4–6 °C.