Logo
Іздеу
Айдарлар

"Біз Нью-Йоркте таныстық": Айгүл Иманбаева күйеуінің немен айналысатынын айтты (ВИДЕО)

/
"Біз Нью-Йоркте таныстық": Айгүл Иманбаева күйеуінің немен айналысатынын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Salem America жобасына берген сұхбатында жұбайының немен айналысатынын айтып, оның мінез-құлқы мен өмір салтына тоқталды.

"Күйеуім ІТ саласының маманы. Мен түсіне бермейтін әлем. Мен шығармашылықтың, көпшіліктің адамы болсам, ол жабық адам. Өзінің әлемінде көбірек отырады. Кейде оның айтатын нәрселерін мен мүлдем түсінбеймін. Нью-Йоркте таныстық біз. Ол бұрыннан осында, ал мен келіп тұрамын", – деді Айгүл Иманбаева.