Logo
Іздеу
Айдарлар

"Сенбеңіздер!" – Атырауда қара жамылған отбасының туысы шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

/
"Сенбеңіздер!" – Атырауда қара жамылған отбасының туысы шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасының туыстары қазақ халқына үндеу жолдап, шындыққа жанаспайтын ақпараттарға сенбеуді сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев желідегі парақшасында видео үндеу жариялады.

"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангельдин ауылында болып жатқан жағдайды естіген шығарсыздар. Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Сондай-ақ Шалқар Мұқанғалиев қарындасы Мейрамгүлдің ауылдан қалай кеткенін баяндаған еді.