Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қыз бен күйеу бала ажырасып кеткен": Атыраудағы трагедияға қатысты ел естімеген дерек шықты (ФОТО)

/
"Қыз бен күйеу бала ажырасып кеткен": Атыраудағы трагедияға қатысты ел естімеген дерек шықты (ФОТО)
коллаж: turkystan.kz

Атырау облысында болған резонансты оқиғаға байланысты жаңа, бұрын көпшілікке белгісіз мәліметтер жария бола бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаның мән-жайын зерделеу үшін аймаққа барған журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі парақшасында маңызды деректі бөлісті. Оның жазуынша, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ресми түрде ажырасқан және заңды некеде тұрмаған.

"Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ажырасып кеткен. Заңды некеде жоқ. Ендігі сұрақ – ажырасқан ерлі-зайыпты, әрі әйелі (бұрынғы) 1-топ мүгедек, яғни психдиспансерде есепте тұрса, қалай шетелге шықты?" – деп жазды журналист.