Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әйелінің әлеуметтік желісін өшірткізген": Атыраудағы іске күдікті туралы күтпеген сұмдық дерек шықты

/
"Әйелінің әлеуметтік желісін өшірткізген": Атыраудағы іске күдікті туралы күтпеген сұмдық дерек шықты
Arasha.kz коллажы

Атырауда болған резонансты қылмысқа байланысты басты күдікті саналатын Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа мәліметтер жария болды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің мәлімдеуінше, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев тұйық өмір салтын ұстанған, ешкіммен араласпаған, жақын достары болмаған. Көршілерімен байланыс орнатпай, көпшілік ортадан бойын аулақ ұстаған. Оның айтуынша, күдікті ешқашан фотоға түспеген, тіпті таныстарының өзінде оның суреті сақталмаған.

"Қайдасың, Ақбаян? Атырауда ұшты-күйлі жоғалып, артынан өз үйінен мәйіттері табылған қылмысқа басты күдікті күйеу баласы болып тұр. Сұлтанның жасы 29-да. Ешкіммен араласпайды, досы жоқ, көршіге жабық, намазхан. Әйелі тек күйеуіне бағынады. Ақбаянды ауылдастары мүлдем танымайды, көршілері жүзін көрмеген. Күйеуі ешқашан фотоға түспеген, ешкімде суреті сақталмаған. Соңғы кезде әйелінің де әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарын өшірткізген. Апта бұрын осы тақырыпты көтергенде осы өңірде адасып, соғыс ошағына баратындар көп деп жаздым. Болжамым алдамапты. Жіптің ұшы Индонезияның Бали аралына апарды. Сұлтанның ойында не барын, жоспары мен мақсатын құзырлы орган анықтар. Мен әйелі Ақбаянға жаным ашып, жүрегім ауырып тұр", – деп жазды Гүлмира Әбіқай.