Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстаннан ақша тауып, оны Лондонда шашатын Әбдірахымов Жаңа Қазақстанға жат адам

/
Қазақстаннан ақша тауып, оны Лондонда шашатын Әбдірахымов Жаңа Қазақстанға жат адам
Фото: коллаж arasha.kz

Көптен бері көрінбей кеткен Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов БАҚ бетінде көрініп, тіпті жаңа қызметтегі сапарымен көзге түсті, деп хабарлайды Arasha.kz Самұрық-Қазына «ПГУ Түркістан» материалына сілтеме жасап.

Ондағы мәтінде былай деп жазылған:

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының активтерді басқару және цифрландыру жөніндегі орынбасары Аман Асанов «Түркістан БГҚ» ЖШС-не жұмыс сапарымен барды.

Әбдірахымовтың аты бұрын елдегі әлеуметтік желілерде белсенді талқыланған болатын. Оған «Қазақстанда табысын тапқан, бірақ оны Лондонда жұмсайтын» адам деген сипаттама берілді. Қазір ол ірі мемлекеттік құрылыс холдингінде жоғары лауазымға тағайындалғанын көріп отырмыз.

Ал 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесуде былай деп еді:

–Бұл – Сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз. «Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз» деген қағидатқа жол берілмейді. Сондықтан жұмыс екі бағытта жүргізіледі: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне жол бермейтін тосқауылдар қою.