Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындады

/
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындады
Сурет: ашық дереккөзден

Америка президенті Truth Social желісінде Википедиядағы биографиялық анықтама стилінде жасалған скриншотты жариялады. Онда Дональд Трамп өзіне «Венесуэла президентінің міндетін атқарушы» деген лауазымды жазып қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазбада Трамп 2026 жылдың қаңтарында мемлекет басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалғандай көрсетілген. Сонымен қатар, ол АҚШ президенті лауазымын да сақтап қалған.

Ресми түрде қазіргі уақытта Венесуэла президентінің міндетін Делси Родригес (уақытша жетекші) атқаруда. Айта кетейік, жақында ол саяси тұтқындарды босату туралы шешім қабылдаған болатын. Қазірдің өзінде 18 адам бостандыққа шықты.