Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар! Елге танымал жазушы әрі драматургтің отбасы қара жамылды

/
Қаралы хабар! Елге танымал жазушы әрі драматургтің отбасы қара жамылды
pixabay.com

Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург әрі публицист Тобық Жармағамбетовтің жары, мәдениет жанашыры Сәпия Кенжебайқызы Жармағамбетованың дүниеден өткенін хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұм Сәпия Кенжебайқызы – кітапхана саласының ардагері, "Қазақстанның Құрметті кітапханашысы" және "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгілерінің иегері. Ол саналы ғұмырын руханият пен білім саласына арнап, ел мәдениетінің дамуына адал қызмет етті.

Қырық жылдан астам уақыт кітапхана ісінде табанды еңбек еткен Сәпия Кенжебайқызы ұлттық руханиятты нығайтуға, жас ұрпақты кітап оқуға, білім мен парасатқа тәрбиелеуге зор үлес қосты. Өз кәсібіне жауапкершілікпен қарап, мәдениет пен сөз өнерінің қадірін терең түсінген ол елге қызмет етуді өмірлік мұрат санаған ардақты жан ретінде есте қалады.