Украина президенті Владимир Зеленский Абу-Дабиде өткен келіссөздерге қатысты шұғыл мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, делегациялар арасындағы кездесу өтіп, онда "соғысты аяқтау параметрлері" талқыланған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Зеленский Telegram арнасында украиналық өкілдерден тұрақты түрде ақпарат алып отырғанын жеткізді:
"Украиналық делегациядан дерлік әр сағат сайын есеп алып отырмын. Олар қазір Эмираттарда. Бүгін Украина, АҚШ және Ресей делегациялары кездесіп, келіссөз жүргізді. Бұл өте маңызды, өйткені мұндай үшжақты форматтағы кездесу ұзақ уақыт бойы болмаған еді", – деді ол.
Президенттің сөзінше, келіссөздердің нәтижесіне қатысты нақты қорытынды жасауға әлі ерте:
"Бүгінгі әңгіменің мазмұны бойынша түпкілікті баға беру қиын. Процестің қалай жалғасатынын, қандай нәтижеге әкелетінін ертең көреміз", – деп түйіндеді Зеленский.