Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қауіпсіз ортаға көшірдік": Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлге қатысты жақсы жаңалық айтты

/
"Қауіпсіз ортаға көшірдік": Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлге қатысты жақсы жаңалық айтты
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Руслан Өтепбай 17 жыл бойы аға-жеңгесінің қорлығында болған Құндыз бен Назгүлге қатысты жақсы жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарағаннан кейін қоғамда үлкен резонанс туындаған еді. Осыдан соң Руслан Өтепбай арнайы Тараз қаласына барып, жағдайды өз бақылауына алған.

Журналистің айтуынша, Құндыз бен Назгүл бұрынғы қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына көшірілген. Қазіргі таңда қыздар қауіпсіз ортада орналасқан, алдағы уақытта олардың жағдайына сай тұрақты әрі қолайлы орын қарастырылмақ.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай елдің алаңдаушылық танытып, қолдау білдіріп жатқанына алғыс айтты. Ол әлеуметтік желіде Құндыздың өзіне қатысты айтқан ауыр сөздеріне байланысты да пікір білдіріп, жұртты арандатуға ермеуге шақырды.

— Бұл видеолардың таралуы психологиялық тұрғыда әлсіз, денсаулығы сыр берген қызды пайдаланып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан сабыр сақтап, артық арандатуға ермейік, — деді журналист.

Сөз соңында ол Құндыздың эмоциялық күйіне түсіністікпен қарайтынын айтып, оның еркелігін көтеру — өзіне жүктелген азаматтық жауапкершілік екенін жеткізді.