Logo
Іздеу
Айдарлар

28 жастағы келіншек маңдайындағы безеуін сығамын деп өмірінен айрылып қала жаздады (ФОТО)

/
28 жастағы келіншек маңдайындағы безеуін сығамын деп өмірінен айрылып қала жаздады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Ресейдің Котлас қаласының 28 жастағы тұрғыны маңдайындағы безеуді өзі сығып, салдарынан ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы SHOT Telegram арнасы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, әйел алдымен маңдайындағы безеуді өз бетінше сығып шығарған. Келесі күні сол жер ісініп, үшінші күні ол медициналық мекемеге жүгінген. Алғашқы тексеруде дәрігерлер тек пластырь жапсыруды ұсынған.

Алайда жара жазылмай, жағдайы нашарлай түскен соң, әйел қайтадан ауруханаға барған. Бұл жолы дәрігерлер шұғыл түрде маңдайын тіліп, антибиотиктер тағайындаған. Соған қарамастан, науқастың жағдайы жақсармағандықтан, оны стационарға жатқызуға тура келген.

Медиктердің айтуынша, асқынудың басты себебі – безеуді сықпас бұрын қолды залалсыздандырмау. Соның салдарынан ірің пайда болып, ісік бүкіл бет аймағына тараған.