Logo
Іздеу
Айдарлар

Танымал әнші Қарақат Әбілдина қуанышты хабарды елмен бөлісті (ВИДЕО)

/
Танымал әнші Қарақат Әбілдина қуанышты хабарды елмен бөлісті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында айтыс өнерінің ақтангері Жүрсін Ерманға арнап жазбасын жариялады.

"Айтыс өнерін арқалаған, қазақ руханиятының ірі тұлғасы – Жүрсін Ерман биыл 75 жасқа толып отыр. Ол кісі болмаса, бүгінгі айтыстың дәл осындай деңгейге көтерілуі екіталай еді. Тәуелсіздік жылдарында айтысты қайта жандандырып, республикалық айтыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып, талай жас ақынның танылуына жол ашты. Жүрсін Ерман – жай ғана ақын емес, айтыстың жанашыры, ұйымдастырушысы, стратегi десек артық емес. Сахна мәдениеті, сөз саптау, айтыстың мазмұнын тереңдету – осының бәрінде оның қолтаңбасы бар. Көпшілік бекерден-бекер "айтыстың атасы" деп атамайды. Иә, "бұл кісі болмаса айтыс болар ма еді?" деген сұрақтың астарында үлкен шындық жатыр. Айтыс болар еді, бірақ бүгінгідей биік деңгейде, тұрақты түрде халыққа жетер ме еді – ол бөлек әңгіме", – деп жазды Қарақат Әбілдина.