Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін жұмысынан босатты

/
Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін жұмысынан босатты
nationalbank.kz. Суретте: Берік Шолпанқұлов

Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, ол өз өтініші негізінде қызметінен кеткен.

Берік Шолпанқұлов туралы не белгілі?

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылдың қазан айында Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық комитетінде бастаған. Алғашында кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінде қазынашы қызметін атқарды. Кейін осы комитетте бас қазынашы және бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

Ол қазынашылық жүйесінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 2008–2014 жылдары қаржы вице-министрі болды. 2014-2016 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін қайтадан қаржы вице-министрі лауазымында жұмыс істеді.

2021 жылдың 5 сәуірінде Президент өкімімен Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.