Logo
Іздеу
Айдарлар

92 мың доллар пара алған: Тәшиевке жақын тағы бір адамға қатысты күтпеген дерек шықты

/
92 мың доллар пара алған: Тәшиевке жақын тағы бір адамға қатысты күтпеген дерек шықты
РИАН

Шу облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеушісі Улан К. сыбайлас жемқорлық және бопсалау фактілері бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол "Вазелин" лақап атымен белгілі және Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Эльдар Жакыпбековке жақын тұлға ретінде танылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Улан К. бір кәсіпкерге қылмыстық іс қозғап, тергеу изоляторына қамаймын деп қорқытқан. Осы арқылы одан 92 мың АҚШ долларын иемденді деген айып тағылып отыр.

23 ақпанда Бішкек қаласының Первомай аудандық соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдауы тиіс.

Ақпаратқа қарағанда, Улан К. Шу облысы бойынша ҰҚМК басқармасында қызмет атқарған және бұған дейін қамауға алынған Жақыпбековтің сенімді адамы саналған.

Еске сала кетейік, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойып, Камчыбек Тәшиевті Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатқан еді.