Logo
Іздеу
Айдарлар

Иран Хаменеи қаза тапқаннан кейін уақытша басқару кеңесін құруда

/
Иран Хаменеи қаза тапқаннан кейін уақытша басқару кеңесін құруда
Сурет: The Associated Press

Иран елді басқару үшін уақытша кеңес құрылатынын жариялады. Бұл шешім 28 ақпанда Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеи өлтірілгеннен кейін қабылданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Иранның IRNA агенттігінің мәліметінше, елді уақытша басқаруды құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшелерінің бірі кіретін кеңес өз қолына алады. Бұл жүйе келесі шешімдер қабылданғанға дейін әрекет ететіні хабарланды.

IRNA агенттігі Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге сілтеме жасай отырып нақтылағандай, дәл осы үш тұлға өтпелі кезеңде мемлекеттік институттар жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Иран жексенбіге қараған түні аятолла Али Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде мойындады. Агенттік ақпараты бойынша, ол 28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған бірлескен әуе соққысы нәтижесінде қаза тапқан.

Бұған дейін IRNA сондай-ақ Али Хаменеидің кеңесшісі  Иранның Қорғаныс кеңесінің хатшысы Али Шамханидің, сонымен қатар Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың қаза тапқанын растаған болатын.