Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Германияда метеориттің бөлшектері тұрғын үйлердің үстіне құлады

/
Германияда метеориттің бөлшектері тұрғын үйлердің үстіне құлады
ашық дереккөзден

8 наурыз күні кешке Германияның батыс өңірлерінің тұрғындары аспанда ерекше жарық құбылысын байқады. Алғашында жұрт оны зымыран деп ойлаған. Алайда кейін бұл атмосфераға кірген метеорит екені анықталып, оның бірнеше бөлшегі тұрғын үйлердің шатырларын зақымдаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Bild басылымының мәліметінше, Кобленц қаласында метеориттің бір бөлігі үйдің шатырына түсіп, футбол добының көлеміндей тесік қалдырған. Кейбір сынықтар тіпті жатын бөлмеге дейін жеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндіру қызметінің басшысы Бенджамин Маркстың айтуынша, үй ішінде адамдар болғанымен, метеорит түскен бөлмеде ешкім болмаған.

Зақымдану фактілері Рейнланд-Пфальц аймағының басқа бөліктерінде де тіркелген. Атап айтқанда, Хунсрюк және Айфель таулы өңірлерінде метеориттің сынықтары табылған. Полиция қазіргі уақытта тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде аспанда жарқыраған отты шардың фото және видеоларын жариялаған. Көпшілік оны алғашында ұшақ немесе зымыран деп ойлағанымен, кейін бұл атмосфераға енген метеорит екені белгілі болған.

Неміс мамандарының айтуынша, метеорит атмосфераға өте жоғары жылдамдықпен кіріп, қатты жарылыспен дерлік толықтай жанып кеткен. Тек бірнеше ірі бөлшегі ғана жерге жеткен.