Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматының академиялық қауымдастығы алдағы референдумға қатысуға шақырады

/
Алматының академиялық қауымдастығы алдағы референдумға қатысуға шақырады

Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орта өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасап, алдағы республикалық референдумға қатысуға шақырды. Бастаманы ғалымдар, академиктер, жас ғалымдар, оқытушылар, профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, сондай-ақ студенттер қауымы қолдады.

Академиялық орта өкілдерінің айтуынша, референдумға қатысу – азаматтардың азаматтық жауапкершілігінің және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуының маңызды көрінісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев алдағы дауыс берудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Жаңа Конституция – стратегиялық дамудың жолы. Қазір бұлшықеттің емес, ақыл-ойдың бәсекесі жүретін уақыт. Мен еліміздің болашағы үшін дауыс беремін» дейді ол.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев та азаматтарды бірлікке шақырып, референдумның маңызын атап өтті. Ол

«Ел өмірінде үлкен оқиға – референдум өтпек. Баршаңызды бірігіп, оған қатысуға шақырамын» дейді.

Жоғары оқу орындарында мұндай маңызды оқиғалар әр азаматқа мемлекет дамуына қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретіні айтылуда. Оқытушылардың айтуынша, университеттер дәстүрлі түрде жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыратын алаң болып табылады, ал студенттердің қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуы диалог мәдениетін және ел болашағына жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етеді. Осы орайда 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры:

Жансейіт Түймебаев “Бұл конституциялық нормалар жаңа серпін беріп, қоғамдық келісімнің жарқын көрінісіне айналады», – деп атап өтті.

Қазіргі уақытта Алматының барлық жоғары оқу орындарында алдағы референдумға арналған кездесулер, талқылаулар және түсіндіру жұмыстары өткізіліп жатыр. Университет қауымдастығы қала тұрғындарын бейжай қалмай, дауыс беру күні сайлау учаскелеріне келуге шақырады.

Олардың пікірінше, референдумға қатысу – әрбір азаматтың маңызды шешімдер қабылдауға өз үлесін қосып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіру мүмкіндігі.