Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Әке жолын жалғаған ұл: Иранның жаңа көшбасшысы кек алуға уәде берді

/
Әке жолын жалғаған ұл: Иранның жаңа көшбасшысы кек алуға уәде берді
сурет Exclusive.kz сайтынан алынды

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменей әкесі қайтыс болғаннан кейін алғаш рет ел халқына теледидар арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ол өзінің алғашқы сөзінде қаза тапқандар үшін кек алуға уәде беріп, АҚШ пен Израиль шабуылдарын тоқтатпайынша Ормуз бұғазы жабық күйінде қалатынын мәлімдеді.

"Қарсылас өз әрекетінің салдарын сезінуі керек. АҚШ аймақтағы барлық әскери базаларын жабуы тиіс", – деді Хаменеи.

Оның айтуынша, әлемдік мұнайдың шамамен бестен бірі өтетін Ормуз бұғазы қарсыластарға қысым көрсету құралына айналуы мүмкін.

Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған кез келген кемені жойып жіберуі мүмкін екенін ескерткен.