Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев референдумда дауыс берді

/
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев референдумда дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты. Аймақ басшысы облыс орталығындағы Орал ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан №521 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

- Бүгін бәріміз, халық болып, еліміздің тағдырына тікелей әсер ететін шешімді қабылдап жатырмыз. Мұндай тарихи күнде әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Азаматтар референдум учаскелеріне келіп, өзінің таңдауын жасау арқылы ел басқару ісіне араласа алады. Қазір қоғамның көзі ашық, азаматтық белсенділік жоғары. Өңір жұртшылығы да референдумның күн тәртібіне қатысты барлық ақпаратпен алдын ала танысып, түрлі талқылаулар өткізілді. Ел өміріне, болашақ ұрпағымыздың тағдырына бейжай қарамайтын кез келген жерлесіміз дауыс беруге белсене қатысады деп сенемін, - деді Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, облыста 446 391 адам дауыс беруге құқылы. 489 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Саяси науқанның барысын аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауда.