Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстанда 13 млрд теңгеге электр желілері жаңартылды

Батыс Қазақстанда 13 млрд теңгеге электр желілері жаңартылды

Өңірде кейінгі 3 жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

2 жаңа қосалқы станса мен өндірістік жөндеу базасы салынды. ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС Орал қалалық электр торабының Зачаган кентінде орналасқан кешенінде болды. Ол еңбек ұжымымен жүздесіп, материалдық-техникалық мүмкіндіктерге назар аударды.

Ермек Маржықпаевқа 138 шақырым электр желілерін жаңғыртуға бағытталған үш кезеңнен тұратын жоба таныстырылды. Оның аясында «Зачаган-Переметный», «Переметный-Тасқала» және «Чапаев-Қабыршақты» бағыттарында 110 кВ әуе желісі тартылып, елді мекендер сапалы қызметпен қамтамасыз етіледі. Қазір 2 кезең аяқталып, үшінші учаскеде жұмыстар жүріп жатыр. Бағаналардың арақашықтығы 2 есе жақындай түседі. Бүгінде 800 тіректің 550-і орнатылған. Мердігерлер отандық өнімді пайдалануға басымдық берген.

Айта кетейік, жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде өңірде электр желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 75,4 пайызға төмендеді.

Бөлісу