Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Иран көшбасшысы өзін әдейі құрбан етті ме? Сарапшы күтпеген мәлімдеме жасады

/
Иран көшбасшысы өзін әдейі құрбан етті ме? Сарапшы күтпеген мәлімдеме жасады
haberler.com. Суретте: Әли Хаменей

Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің қазасына қатысты күтпеген болжам айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Таяу Шығыс бойынша сарапшы Каринэ Геворгянның пікірінше, Хаменей АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде өзінің басын әдейі қауіпке тіккен болуы мүмкін. Ол бұл ойын подкаст барысында бөліскен.

Сарапшының айтуынша, 86 жастағы саясаткер жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін толық түсінген және саналы түрде осындай қадамға барған болуы ықтимал.

Сонымен қатар, Геворгян АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерінде өз мүмкіндігін асыра бағалағанын атап өтті. Оның сөзінше, Иран бұл қақтығыстың жаңа кезеңіне алдын ала дайын болған. Елде "Хорремшехр" гипердыбыстық зымырандарын жаппай өндіру жолға қойылған, бұл Вашингтон мен Тель-Авив үшін күтпеген жағдай болған.

Айта кетейік, Әли Хаменей 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің шабуылы басталған сәтте өзінің жұмыс кабинетінде болған кезде қаза тапқан.