Нью-Йорктегі әуежайда Air Canada Express әуе компаниясының ұшағы қону кезінде өрт сөндіру көлігімен соқтығысты. Ұшақ бортында шамамен 100 жолаушы болған, олардың ондағаны жарақат алған, деп хабарлайды Arasha.kz.
CBS News мәліметінше, оқиға 22 наурыз күні кешкі уақытта болған. Өрт сөндіру көлігі басқа бір оқиға орнына бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, соқтығу жолаушылар ұшақтың артқы бөлігінен түсіп жатқан сәтте болған. Салдарынан әуе кемесі едәуір зақымданған.
Оқиғадан кейін Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайы уақытша жабылды. Қазір көптеген рейстің кешігуі мен тоқтатылуы күтілуде.
Айта кетейік, 2009 жылдың қаңтарында осы әуежайдан ұшқан ұшақ құстар тобымен соқтығысып, екі қозғалтқышы істен шыққан еді. Алайда ұшқыш Чесли Салленбергер әуе кемесін суға сәтті қондырып, барлық жолаушы мен экипаж мүшелерін аман алып қалған. Бұл оқиға тарихта "Гудзондағы ғажайып" деген атпен белгілі.