Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан

/
Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан
facebook.com/uvdleninsky312

Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 28 наурыз күні кешке Бішкектегі "Ақ-Ордо" тұрғын алабында болған. Ленин аудандық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғын арызданған.

Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен басқа да балаларға белгісіз ер адам тәттілер таратқан. Кейін кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған.

Аталған дерек бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Н.Д. инициалымен тіркелген азамат болып шықты.

Күдікті ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде кәмпиттер мен тергеуге қатысты басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды. Мамандар балаларға бейтаныс адамдардан тамақ немесе қандай да бір зат алуға болмайтынын ескертуді сұрайды.