15 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, түнде аяз болады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, ал шығыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде ауа температурасы –2…–4°C, күндіз +6…+8°C болады. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с.
Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде +7…+9°C, күндіз +16…+18°C. Жел екпіні кей уақытта 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с болады.
Ақтауда түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C. Жел екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Ақтөбеде түнде +7…+9°C, күндіз +19…+21°C. Жауын-шашын күтілмейді.
Атырауда ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C болады. Жел екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Жезқазғанда түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Қарағандыда түнде –1…–3°C аяз, күндіз +6…+8°C жылы болады. Жауын-шашын болжанбайды.
Көкшетауда түнде –1…–3°C, күндіз +6…+8°C болады.
Қонаевта түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанайда түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C болады.
Қызылордада күн ашық. Түнде +7…+9°C, күндіз +23…+25°C. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Павлодарда түнде –2…–4°C, күндіз +5…+7°C болады.
Петропавлда түнде –2…–4°C аяз, күндіз +6…+8°C күтіледі.
Семейде түнде –1…–3°C, күндіз +4…+6°C болады.
Талдықорғанда түнде +4…+6°C, күндіз +12…+14°C.
Таразда түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C болады.
Түркістанда түнде +8…+10°C, күндіз +24…+26°C. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Оралда түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C болады.
Өскеменде түнде –1…–3°C, күндіз +4…+6°C. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.