Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады - Қанат Ысқақов

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады - Қанат Ысқақов
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Астанада мерейтойлық X Astana Media Week 2026 апталығының ашылуы өтті. Пленарлық сессияда ҚазақстанРеспубликасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов отандық медиасаланың соңғы он жылдағы негізгі өзгерістеріне, жасанды интеллекткебайланысты сын-қатерлерге және БАҚ пен қоғамарасындағы сенімнің жаңа архитектурасын қалыптастырубасымдықтарына тоқталды. Қанат Ысқақов өз сөзінде Қазақстанның он жыл ішіндеақпарат таратудың дәстүрлі моделінен көпарналы цифрлықмедиаортаға көшкенін атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Егер 2017 жылы елде шамамен 2,9 мың бұқаралық ақпарат құралы тіркелгенболса, бүгінде олардың саны 5,4 мыңнан асады. Ал интернетке қолжетімділігі бар халықтың үлесі 73%-дан 93,4%-ға өсті.

Аудиторияның талғамы да айтарлықтай өзгерді. Қазірқазақстандықтардың 39,1%-ы жаңалықтарды негізіненәлеуметтік желілер мен мессенджерлерден алады. Telegram, Instagram, YouTube және TikTok ақпарат таратудыңтолыққанды арналарына айналып, блогерлер мен цифрлықплатформалар дәстүрлі редакциялармен белсендібәсекелесіп жатыр.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, медианарықтың келесіөзгеріс кезеңі жасанды интеллекттің дамуымен тікелейбайланысты. Нейрожелілер қазірдің өзінде ақпарат іздеумен өңдеуге, мәтін, сурет және бейнематериалдар жасауғақолданылып келеді. Сонымен қатар жалған ақпарат пен дипфейктердің таралуы, жеке деректердің құпиялылығыбұзылуы сияқты қауіптер де артып отыр.

Қанат Ысқақов үш негізгі қағидатқа сүйенетін сенімніңжаңа архитектурасын қалыптастыру қажеттігіне ерекшеназар аударды. Олар – кәсіби журналистиканы нығайту, жарияланатын ақпарат үшін адамның жауапкершілігі жәнетехнологияларды қауіпсіз пайдалану.

«Алгоритм мәтін жаза алады, бірақ сөз үшін жауап береалмайды. Жауапкершілік әрдайым журналист пен редактордың мойнында қалады. Сондықтанмедиақауымдастықпен бірге редакцияларда жасандыинтеллектті жауапкершілікпен пайдаланудың ортаққағидаттарын әзірлеуді ұсынамыз. Ең алдымен, бұл – аудиторияға ашықтық таныту және жасанды интеллекттіңқатысуымен жасалған дүниенің бәрін адамның міндеттітүрде тексеруі», – деп атап өтті Қанат Ысқақов.

Осы ұстаным аясында Мәдениет және ақпарат министрлігігранттық жүйе арқылы сапалы медиаконтент өндірісінқолдауды жалғастырады. Деректер журналистикасын, фактчекингті дамытуға және мемлекеттік тілдегіматериалдарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұдан бөлек, синтетикалық контентті таңбалау тетіктеріненгізу, дипфейктерді анықтау құралдарын жетілдіру жәнехалықтың медиасауатын арттыру қажеттігі айтылды. Журналистердің, соның ішінде өңірлердегі мамандардыңжасанды интеллект саласындағы құзыретін дамыту жекебасымдыққа айналады.

«Технологиялар бізге неғұрлым көп мүмкіндік берсе, оларды пайдаланудағы жауапкершіліктің салмағы да соғұрлым артады», – деді бірінші вице-министр.

Саланың даму келешегі туралы айтқан Қанат Ысқақов төртайқындаушы факторды атап өтті. Олар – шынайыақпараттың құндылығын арттыру, ЖИ көмекшілері арқылыжаңалықтарды тұтыну тәсілдерінің өзгеруі, журналистердіңтереңірек талдауға көшуі және сапалы қазақтілді контенттідамыту.

Сөзінің соңында бірінші вице-министр технологиялықөзгерістердің жылдамдығына қарамастан, қоғам сенімініңнегізі журналистің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігіболып қала беретінін атап өтті.

Astana Media Week 2026 Астанада 14–16 қазан аралығындаөтеді. Іс-шара ақпарат саласының болашағын талқылауүшін мемлекеттік органдардың, медиақауымдастықтың, цифрлық платформалардың өкілдері мен халықаралықсарапшыларды біріктіреді.