Қазақстан – бейбітсүйгіш, қонақжай ел. Оған елімізде жүзден астам өмір сүріп жатқан этнос өкілдері куә. 2025 жылғы жүргізілген сауалнамаларға қарасақ, қазақстандықтардың 95 пайызы ұлтаралық қатынасты тұрақты әрі сенімді бағалайтындықтарын көрсеткен.
Бұл сандар мемлекетіміздің тиімді саясат жүргізіп отырғандығын көрсетеді. Мыңнан аса этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам ұйым бар. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы, медиация орталықтары және қоғамдық келісім ұйымдары этносаралық қарым-қатынастарды реттеуде және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда айтарлықтай маңызды рөл атқарып отыр.
Қазір елімізде 36 Достық үйі жұмыс істеп тұр. Татулық пен достықты ту еткен бұл ұйымдар этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыруда. Әсіресе жыл сайын 1 наурызда өтетін Алғыс күнінде аталған ұйымдар ерекше қызу дайындықпен кіріседі. Аталған бірлестіктер атынан 300 мыңдай қатысушы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына да белсене қатысып, қоршаған ортаның таза болуына үлестерін қосты.
Айта кетейік, 2026 жылғы Конституциялық өзгерістерде де ұлтаралық келісім мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді.