Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ішкі көші-қон аймақтарды күшейтеді

Ішкі көші-қон аймақтарды күшейтеді
aikyn.kz

Өткен жылы елімізге 23 761 адам қоныс аударды. Ал елден кетушілердің саны 7608 адамды құрады. Яғни сыртқы көші-қонның айырмасы – 16 153 адамға жетті. Мұны 2024 жылмен салыстырар болсақ, Қазақстаннан көшіп кеткендер саны 40 пайызға азайып, елге келушілер саны 18 пайызға кемігенін көрсетеді. Атажұртқа көбіне Қытай, Моңғолия, Германиядан келушілер көп болған. Сондай-ақ Польша, АҚШ, Германияға көшіп кеткен адамдар да көп.

Қазақстанға келгендердің көбі Алматы облысы мен қаласына және Маңғыстау облысына тұрақтаған. Ал шетелге Қарағанды облысынан 1451 азамат, Алматы қаласынан 757, Шығыс Қазақстан облысынан 685 адам көшіп кетіпті.

Сонымен қатар, ел ішіндегі көші-қон барысы да артып келеді. Өткен жылы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысына азаматтар жиі көшіп барған. Себеп белгілі, аталған қалаларда халық саны көп әрі жұмыспен қамтылу мүмкіндігі жоғары.

Сарапшылар ішкі көші-қонды еңбек нарығын реттейтін құрал деп есептейді. Өйткені, бұл көші-қон халқы көп шоғырланған аймақтарды күшейтеді, демографияның өсіміне алып келеді деп тұжырымдайды.

Бөлісу