Маңғыстаулық өнерпаздар интим видеосы тарап кеткен асабаның қылығына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бір топ маңғыстаулық өнерпаздар елді дүрліктірген асабаның интим видеосына қатысты үндеу жасап, ондай адамның ел алдына шығып той басқаруына қарсы екендіктерін мәлімдеді.
Адам айтуға ауызы бармайтын видеоны түсіріп, ел арасына таратқан. Бұл азамат Маңғыстау өнерінен, елі мен жерінен тәлім-тәрбие алған азамат емес. Ол Маңғыстау өлкесінде туған да емес. Қазір «бір қарын майды, бір қумалақ шірітеді» дегендей әлеуметтік желіде Маңғыстау асабаларына, өнерпаздарына қатысты үлкен сын әңгімелер айтылып жатыр. Біз оған қарсымыз. Ондай азаматтың той-мереке басқаруға мүмкіншілігі жоқ. Және осы видеоны таратты деп, айыпты болып жатқан жасөспірім азаматтың да болашағы бізді ойландырады. Осының барлығы тексеріліп, зерделеніп, ондай айыпсыз адам жазаға тартылмау керек. Осы видеоны тарату жағы зерделеніп, нағыз айыпты адам ғана жазасын алу керек. Біз ондай азаматтың өнер жолында, той-мерекеде, халықтың алдында жастарды тәрбиелеп, оларға ұлағатты сөз айта алмайтынына сенімдіміз және оның той басқаруына қарсымыз», - делінген үндеуде.
Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Хан атты асабаның интимдік видеосы желіде тарап, үлкен резонанс тудырған еді. Асабаның өзі бұл видеоның таралуына өзінің қатысы жоқ екенін атйып полицияға жүгінген болатын.