Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Алматы

Алматыда белгісіз ер адам аялдамада зейнеткер әйелді аяусыз ұрған

Алматыда белгісіз ер адам аялдамада зейнеткер әйелді аяусыз ұрған
Сурет: видеодан скрин

Алматының Бостандық ауданындағы аялдамалардың бірінде егде жастағы әйелге жасалған қатыгез шабуылдың видеосы желіде тарап кетті. Шабуыл жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осы ауданның тұрғындары шабуылдаушының психикалық ауытқуы бар екенін жазып жатыр.

Бейнежазбаны зардап шеккен әйелдің қызы жариялады. Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт айналада ешкім жоқ сәтті күтіп, 66 жастағы әйелге артынан келіп, еш себепсіз аяусыз соққыға жыққан.

«Ол артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, оны жайдан-жай айуандықпен, қатыгездікпен сабай бастады. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте нашар. Бұл видеоны қараудың өзі ауыр. Бірақ мұны көру керек. Мен мұны қаралым жинау үшін жариялап отырған жоқпын. Мен бұл туралы мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймын», - деп жазды бойжеткен.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы қатты алаңдаушылық туғызып отыр. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.